Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша келіссөздерде ядролық қару мәселесі талқыланады - Песков

Ол америкалық тарап Украина мәселесі бойынша жұмысын жалғастырып жатқанын айтты
Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ядролық қару мәселесі Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің жаңа кезеңінде сөзсіз талқыланады, деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Әрине, бұл елемеуге болмайтын фактор", - деді ол журналистерге.
Песковқа тілшілер Украинадағы келісім бойынша келіссөздердің жаңа кезеңінде ядролық қару-жарақ мәселесі талқылана ма деген сұрақ қойған болатын.
Ол америкалық тарап Украина мәселесі бойынша жұмысын жалғастырып жатқанын, ал Мәскеу АҚШ-тың үздіксіз жасап жатқан әрекеті үшін алғыс білдіретінін айтты.
"Барлығы өз жұмысын жалғастырып жатыр, соның ішінде америкалық келіссөз жүргізушілер, америкалық тарап бар. Біз оларға осы үздіксіз жасап жатқан әрекеті үшін өте ризамыз", - деді Песков тілшілерге.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздердің келесі раунды жақын арада өтеді деп күтеміз - Песков