Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығыстың неге аяқталмай жатқанын түсінбей отыр – Марко Рубио

Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың неге әлі күнге аяқталмай жатқанын түсінбей отыр, деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы Марко Рубио
Оның айтуынша, Трамп Мәскеу мен Киевтің қақтығысын тоқтату үшін көп жұмыс атқарған.
"Ол мұндай қатыгез, қорқынышты әрі қанды соғыс жағдайында тұрған екі елдің оны қалай аяқтау жөнінде келісімге келе алмай отырғанын түсінбейді", – деді Рубио журналистерге.
"Ол (Трамп – ред.) көп нәрсе жасады. Бұл іске үлкен саяси капитал салды", – деп толықтырды мемлекеттік хатшы.
Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздің кезекті раунды 17–18 ақпанда Женева қаласында өтті. Ресей делегациясының басшысы, РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский оның қорытындысы бойынша жуырда жаңа кездесу өтетінін мәлімдеді.
Ал Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров келіссөз барысында белгілі бір ілгерілеу болғанын атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Уиткофф Украина бойынша жаңа келіссөздердің мерзімін жариялады