Оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікке ілінген мұғалім ұсталды

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, ықтимал куәгерлерден және өзге де адамдардан жауап алына бастаған
Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Шымкентте оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деп күдікке ілінген мұғалім ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Шымкент тұрғынының 7 жастағы қызын қорлау туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел тергеу тобы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді полиция.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, ықтимал куәгерлерден және өзге де адамдардан жауап алынып жатыр.
"Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Барлық тергеу әрекеті заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылады", - дейді Шымкент полициясы.
Еске сала кетейік, Шымкентте мұғалім 7 жастағы оқушыға сексуалды сипаттағы әрекет жасады деген күдікке ілінді. Оқиға мектепте болған. Мұғалім ағайының бейәдеп әрекеті туралы оқушы анасына айтып келген.
"Ағай тиісті": Шымкентте мұғалім 7 жастағы оқушыға зорлық жасады деген күдікке ілінді