Астанада ертең оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары онлайнға көшірілді
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Ертең Астанада кейбір оқушылар мен студенттер онлайн оқиды.
"2026 жылдың 27 ақпанында ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Қазгидромет болжамынша, 27 ақпанда күндіз ауа температурасы -19…-21 градус, ал түнде -31…-33 градусқа дейін төмендейді.
Қызылордада қатты жел электр сымдарын зақымдап, ағаштарды құлатты