Сот бұрынғы шіркеу қызметкерін екі ай тергеу изоляторында ұстауға шешім шығарды

2024 жылдың жазында Воронцов Қазақстанда балама шіркеу құрып, мемлекет ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығуы керек деген мәлімдемелерінен кейін Орыс православие шіркеуінен шеттетілген
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Сот бұрынғы иеромонах Иаков Воронцовты екі айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды.
Оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Sputnik Қазақстанға қорғаушы тараптың үйқамақ немесе кепілдікке босату туралы өтініші қабылданбағанын айтты.
Тергеу соты Воронцовты сотқа дейін тергеу изоляторында ұстауды бұйырды.
2026 жылдың 13 ақпанында Воронцов есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін 10 күнге қамауға алынды.
2024 жылдың жазында Воронцов Қазақстанда балама шіркеу құрып, мемлекет ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығуы керек деген мәлімдемелерінен кейін Орыс православие шіркеуінен шеттетілген.
Маңғыстауда полицияға бағынбаған шетелдік қамауға алынды