Сербия президенті Астанаға ресми сапармен келеді

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. 26-27 ақпан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
"Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады.