Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 ақпан - Sputnik. Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Оқиға 25 ақпанда болған.
"Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында", - дейді министрлік.
Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ.
Оқиғаның себебін анықтау үшін қорғаныс министрлігінен арнайы комиссия құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.
Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.