АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Олимпиада чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров елге оралды.
Астана әуежайында оны жанкүйерлер, спортшылар, шенеуніктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қарсы алды. Сол жерде спортшыға арнап импровизацияланған сахна ұйымдастырылды.
Қарсы алу рәсімінде Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин сөз сөйледі.
Бұған дейін Михаил Лозаннадағы Олимпиада үйі ғимаратында естелік қолтаңба қалдырған болатын.
Шайдоров Олимпиада чемпионы атанған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде Қазақстан тарихына енді. Ол қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинады. Оған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанға алғашқы Олимпиада медалін Денис Тен әкелген еді – ол 2014 жылғы ойындарда қола жүлдегер атанды.
Шайдоровтың арқасында бұл Олимпиада Қазақстан үшін 1994 жылдан бергі ең табысты ойынға айналды. 32 жыл бұрын шаңғышы Владимир Смирнов үш медаль жеңіп алған болатын: ол 50 шақырымдық жарыста Олимпиада чемпионы атанып, 10 және 15 шақырым қашықтықта күміс жүлдені еншіледі.