АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Астанада ертең бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлады қала әкімдігі.
"2026 жылдың 26 ақпанында ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Қазгидромет хабарлауынша, ертең бас қалада күндіз -17 -19 градус, түнде -24 -26 градус аяз болады. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.