Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания мен Франция Киевті ядролық бомбамен қаруландырмақ – Ресей барлау қызметі

Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ресейдің сыртқы барлау қызметі Лондон мен Париждің Киевке ядролық қаруды беру мәселесін белсенді түрде пысықтап жатқанын хабарлады.
"Әңгіме Украинаға осы саладағы еуропалық құрамдас бөлшектерді, жабдықтар мен технологияларды жасырын түрде беру туралы болып отыр. Нұсқалардың бірі ретінде М51.1 суасты қайықтарының баллистикалық зымыранына арналған француздың шағын көлемді TN75 ядролық оқтұмсығы қарастырылып отыр", – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше британиялықтар мен француздардың жоспары халықаралық құқықты өрескел бұзады.
"Бұл әрекет ең алдымен Ядролық қаруды таратпау туралы шартты бұзу болып саналады және бүкіл әлемдегі ядролық қаруды таратпау жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан батыс елдері ядролық қаруды Украина өз күшімен жасағандай етіп көрсетуге тырысады", – деп хабарлады СБҚ.
Ресей сыртқы барлау қызметі Лондон мен Париж жауапкершіліктен құтыла алмайтынын ескертті.
"Оның үстіне, құпияның бәрі ерте ме, кеш пе әшкереленеді. Ұлыбритания мен Францияның әскери, саяси және дипломатиялық орталарында өз басшыларының ойланбай жасалған әрекеттерінің бүкіл әлем үшін қауіпті екенін түсінетін парасатты адамдар аз емес", – делінген хабарламада.