Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта іске қосады

Lufthansa 2025 жылдың қазан айында Қазақстанға рейстерді тоқтатқан
Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Lufthansa наурыз айының соңынан бастап Қазақстанға рейстерді қайта бастайды.
29 наурыздан бастап неміс әуе компаниясының ұшақтары Франкфурттан Астанаға аптасына төрт рет және Алматыға аптасына бес рет ұшады.
Компания тікелей рейстерді де, Алматы мен Астанада аялдайтын рейстерді де ұсынады. Рейстер Airbus A340-300 ұшақтарымен орындалады.
Lufthansa 2025 жылдың қазан айында ұшақ тапшылығына және логистикалық себептерге байланысты Қазақстанға рейстерді тоқтатты.
Қазақстандық лоукостер Ақтаудан Дубайға рейстерді 2026 жылдың қазанына дейін ұзартты