Астанада ертең бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Бұл 0-9 сынып оқушыларына қатысты
Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Астанада ертең бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлады қала әкімдігі.
"2026 жылдың 25 ақпанында ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп жазылған хабарламада.
Қазгидромет ақпанның 24-інен 25-іне қараған түні ауа температурасы -29–31 градусқа дейін төмендейтінін ескертті.
Ал 25 ақпанда күндіз -13-15 градус суық болады деп болжанып отыр.