АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Астанада Масленица мерекеленіп жатыр. Свято-Успенский соборының аумағында халықтық серуен өтіп жатыр: жиналғандар құймақтан дәм татып, ойындар мен байқауларға қатысып, театрлық қойылымдарды тамашалады.
Ресей және Беларусьтың Қазақстандағы елшілері қазақстандықтарды Масленица мерекесімен құттықтады.
Ресей елшісі Алексей Бородавкин баршаға денсаулық, бақыт және аманшылық тіледі.
Ресей және Беларусьтың Қазақстандағы елшілері қазақстандықтарды Масленица мерекесімен құттықтады.
© Sputnik / Санат Имангалиев
Беларусь елшісі Алексей Богданов атап өткендей, 2026 жылы әртүрлі дін өкілдері оразаны бір уақытта ұстап отыр:
"Қасиетті Рамазан айы, православиелік Ұлы ораза және католик оразасы қатар келді. Біз де, сіздер де көпұлтты және көпдінді елде жанымызды тазартып, өзімізді ретке келтіруге тырысамыз".
2026 жылы Масленица мерекесі 16-22 ақпан аралығында өтіп жатыр. Масленица мерекесінің алғашқы үш күнінде дайындық жасалады. Ал соңғы төрт күн халықтық серуенге, ойын-сауыққа арналады.