АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысына қарасты Тұрар Рысқұлов ауданында секундына 30 метрге дейін жеткен екпіні жел соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қатты жел салдарынан 7 елді мекендегі 25 нысанның шатыры бүлінді.
Оның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар. Сондай-ақ 13 елді мекенде электр жарығы сөнді, 3 елді мекенде газ өшті.
Сильный ветер разрушил автомобили и строения в Жамбылской области
© Sputnik / Стрингер
Электр жарығы мен газды қалпына келтіруге 9 бригада жұмылдырылды.
Зардап шеккен тұрғындар жоқ. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
Қазіргі таңда нысандарды зерделеу жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров барды.