АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Егер дүйсенбі күні Владимир Зеленский Словакияға мұнай жеткізуді қайта қалпына келтірмесе, Украинаға апаттық режимде электр энергиясын беру тоқтатылады. Бұл туралы Словакия премьер-министрі Роберт Фицоның мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Фицо сенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында "Егер Зеленский дүйсенбі күні "Словакияға мұнай жеткізуді қалпына келтірмесе, сол күні мен тиісті словакиялық компаниялардан Украинаға апаттық электр энергиясын жеткізуді тоқтатуды сұраймын" деп жазды.
"Украина президенті біздің бейбіт ұстанымымызды түсінгісі келмейді және соғысты қолдамағанымыз үшін Словакияға өшпенділікпен қарайды. Алдымен ол Словакияға газ ағындарын тоқтатып, бізге жылына 500 млн еуро көлемінде зиян келтірді. Енді ол мұнай ағындарын тоқтатып, бізге одан да үлкен шығын мен материалдық-техникалық қиындықтар туғызды", – деп жазды премьер-министр.
Сондай-ақ ол соғыс басталғалы бері Словакияның Украинаға көмектесіп келе жатқанын еске салды. Ел аумағында шамамен 180 мың украин азаматы тұрып жатыр.
"Біз гуманитарлық көмек көрсетіп жатырмыз, үкіметтердің бірлескен келіссөздерін ұйымдастырып келеміз. Біз Украина үшін кейбір басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп іс атқарып жатырмыз", – деп атап өтті Фицо.