АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге дәм татқызды, деп хабарлайды Polisia kz.
Өскемен - Алматы автожолында Ұлан ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторлары Данияр Байбалинов, Азамат Мұратқалиев және Думан Қадыр қасиетті Рамазан айында азаматтарға көмек көрсетті.
"Ораза ұстаудың маңыздылығын түсінген полиция қызметкерлері су мен құрма сатып алып, жол бойында таратты. Бұл әрекет жүргізушілер мен жолаушыларға уақытында аузын ашуға мүмкіндік берді", - дейді полиция.