Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО елдері тамыз айынан бері Украинаға қару жеткізуге 2 млрд доллар жұмсады

Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. НАТО-ға мүше алты ел 2025 жылдың тамыз айынан бері Украина үшін АҚШ-тан қару-жарақ сатып алуға 2 миллиард доллар жұмсады. Бұл туралы Пентагон, Мемлекеттік департамент және USAID аудиторларының АҚШ Конгресіне ұсынған баяндамасында айтылған.
"2025 жылдың тамыз айынан бастап 2026 қаржы жылының бірінші тоқсанында (қазанда басталды – ред.) Пентагон НАТО-ның алты елінен 2,06 миллиард доллар көлемінде жарна алды", – делінген үш ведомствоның бас инспекторларының баяндамасында.
Қаражат Украина үшін әскери жабдықтар мен қызметтерді сатып алуға арналған.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Штаттар НАТО-ға қару-жарақты толық құнымен беретінін, кейін ол Украинаға жеткізілетінін мәлімдеген болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ биыл Украинаға 15 млрд долларға қару-жарақ жеткізеді - Рютте