АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып жатыр, деп хабарлады Ақорда.
Жиын Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп қазақстандық әріптесін таныстыра отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысқаны үшін алғыс білдірді және Қазақстанды бай ел деп атады.
"Қазақстан президенті Тоқаев, сізге көп рақмет... Егер біреуде сұрақ туындаса, айтайын: бұл – керемет әрі бай мемлекет. Бүгін мұнда өте ауқатты адамдар жиналды", – деді Трамп.
Қазақстан Дональд Трамп бастамашы болған Бейбітшілік кеңесінің құрамына енді, жаңа ұйымның жарғысына 18 елдің өкілдері қол қойды.
АҚШ президенті Дональд Трамп кеңестің төрағасы болып тағайындалды.