АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан "Táńirlik kúntizbe" мен "Күн жүйесінің планеталары" сериясынан "Mercury" коллекциялық күміс монеталары 20 ақпаннан бастап сатылатынын хабарлады.
"Táńirlik kúntizbe" монетасы күмістен соғылған, сынамасы – 925. Монетаның салмағы 100 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – antique silver, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 500 (бес жүз) дана.
"Mercury" монетасы да 925 сынамалы күмістен соғылған. Алтын жалату технологиясы қолданылған монетада тантал қондырмасы да бар. Монетаның салмағы 35 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.