Таразда аялдамада тұрған жасөспірім қызды ұрлап кетпек болған

Полиция күдіктілерді тез арада ұстап, қамауға алды
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап кетпек болған.
Ер адамдардың жасөспірімді қолынан тартып, күштеп көлікке отырғызбақ болған сәт үй ауласындағы бейнекамераға түсіп қалған.
Полиция күдіктілерді тез арада ұстап, қамауға алды.
"Полицияға көліктегі екі белгісіз адамның аялдамада қызды ұрлауға әрекеттенгені туралы хабарлама түсті. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді департаменттегілер.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Елімізде адам саудасына қатысты 164 қылмыс ашылды