Абай облысында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды

Кәсіпорынның жылдық шикізат өңдеу қуаты 72 мың тонна
Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Семей қаласында бұршақ және майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыт пайдалануға берілді.
Кәсіпорын заманауи технологиялық қондырғылармен жабдықталған.
Абай облысында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды
Жылдық шикізат өңдеу қуаты 72 мың тонна болса, жалпы инвестиция көлемі 4,1 миллиард теңгені құрайды.
"Осыдан 3 жыл бұрын құрылған компания жарма, ұн және басқа да азық-түлік өнімдерін шығарумен айналысады. Зауытта түрлі жасымық, зығыр, бұршақ, жүгері, қарақұмық және басқа ауыл шаруашылығы дақылдары өңделеді", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Дайын өнімнің жылдық өндірістік қуаты 800 тонна мөлшерінде.
Абай облысында бұршақ және майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды
Өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа бағытталған. Еуропа елдеріне, Қытай, Түркия және Африка мемлекеттеріне шығарылмақ.
Түркістан облысында 5 мың тонна алма өңдейтін зауыт іске қосылды