АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песков хабарлады, деп жазды РИА Новости.
"Ол (Путин – ред.) дәл қазір Қазақстандағы әріптесі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп жатыр. Жақын арада сіздерге хабарлама береміз", — деді Песков журналистерге.
Бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин 2026 жылы Владимир Путиннің Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді.
"Биыл біздің президенттің жауап сапары жоспарланып отыр. Әзірге нақты күндері белгіленген жоқ, бірақ мұндай сапар міндетті түрде өтеді. Басшыларымыздың алдында есеп беретін мәселелер жеткілікті деп санаймын", – деді ол.