Абай облысында тағы бір спорт кешені ашылды

Жаңа нысанда 22 адам тұрақты жұмыс істейді
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Ақсуат ауданындағы Екпін ауылында жаңадан салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталған болатын. Осы ауылдың тумасы Қайырлы Хасенов спорт кешенін офтейк-келісімшартымен 9 айдың ішінде салып шыққан.
Абай облысында спорт кешені ашылды
Бірінші қабатта волейбол, баскетбол, футзал сияқты спорт түрлеріне арналған ойын залы, сондай-ақ, теннис залы мен веложол бар.
Ал екінші қабатта күрес залы мен жұмыс кабинеттері орналасқан. Жаңа нысанда 22 адам тұрақты жұмыс істейді.
Абай облысында спорт кешені ашылды
"Мұндағы спорт залдары мен жаттығу алаңдары тұрғындардың спортпен жыл бойы шұғылдануына мүмкіндік береді", - делінген облыс әкімдігінің ресми хабарламасында.
Айта кетері, былтыр облыста үш жаңа спорт нысаны салынған.
Семей қаласының Водный кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Ал 2026 жылы тағы 18 спорт нысанының құрылысы аяқталады.
Ақтауда заманауи стадион салынады - жобасы көрсетілді