Тоқаев мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттайды

Президент барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде айтты.
Президент Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, Конькимен мәнерлеп сырғанау федерециясына және тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет басшысы барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді.
Президент Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.
Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың алтын медалін иеленді