АСТАНА, 14 ақпан - Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Италия Олимпиадасында америкалық Илья Малининнен басым түсті.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы соңғы жаттығуда мінсіз сырғанап өткен жалғыз спортшы болды. Қорытынды нәтиже:
1.
Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 291.58 ұпай2.
Юма Кагияма (Жапония) — 280.063.
Шун Сато (Жапония) — 274.904.
Чха Чжун Хван (Оңтүстік Корея) – 273,925.
Стивен Гоголев (Канада) – 273,786.
Петр Гуменник (Ресей) – 271,217.
Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 269,278.
Илья Малинин (АҚШ) – 264,499.
Ника Эгадзе (Грузия) – 260,2710.
Кевин Аймоз (Франция) – 259,94.Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров бесінші орынға ие болды. Ол абсолютті фаворит америкалық Илья Малининнен 15 ұпайдан астамға артта қалды — бұл өте маңызды айырмашылық.
Еркін сырғанауда Михаил Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнге сырғанап, бес рет төрттік секіріс жасады — бұл соңғы жаттығуда ешқандай үлкен қателіксіз орындалған жалғыз секіріс болды.
Оның өнерінен кейін фавориттер өз бағдарламаларында қателіктер жіберіп, бұл қазақстандық спортшыға Олимпиада алтынын жеңіп алуға мүміндік берді.