Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Молдова президенті ТМД елдеріне қарсы санкциялар енгізуді талап етті

Бұл елдердің кейбірі Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр, ддйі Майя Санду
Sputnik
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Молдова президенті Майя Санду бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігі Украинадағы қақтығыстың нәтижесіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Сондықтан аймақ елдері Киевтің жағында болуы керек.
Бірақ шын мәнінде бұл олай емес, сондықтан "олар да бұл үшін жауап беруі керек, деген Молдова президентінің сөзін Sputnik Молдова жариялады.
"Бұрын Кеңес Одағының құрамында болған елдердің көпшілігінің егемендігі Украинадағы соғыстың қалай аяқталатынына байланысты", - деді Санду.
Сол себепті Украинаның бұл соғыста жеңіске жетуі олардың мүддесіне сай келеді, деді ол.
"Өкінішке қарай, бұл елдердің кейбірі Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр. Олар да бұл үшін жауап беруі керек", - деді Майя Санду.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар тізіміне үшінші елдердегі порттарды қосуы мүмкін