АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Америка Құрама Штаттары украин қақтығысын шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио осыфлай деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Біз Украина үшін қолайлы және Ресей де қабылдайтын осы бірегей мәселенің шешімі бар-жоғын түсіну жолдарын іздеуді жалғастырамыз... Біз бұл мәселеде шешім таба алатынымызды түсіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Рубио Блумберг телеарнасына.
Оның ойынша қақтығыс тараптарын келісімді талқылауға тек АҚШ сендіре алады.
"Бұл біз бас тартпайтын міндеттеме, өйткені біз оны ерекше деп санаймыз", - деді мемлекеттік хатшы Блумберг телеарнасына берген сұхбатында.