АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Екі күн жауған қардың салдарынан Жамбыл облысының тас жолдарында 2000-нан астам көлік тұрып қалды.
Көліктер үшінші күн қатарынан қозғала алмай тұр.
"Алматы – Шымкент және Тараз – Алматы бағыттарында, сондай-ақ Кенен, Мақтарал және Қордай елді мекендерінің маңында 975 жүк және 1181 жеңіл автокөлік жолда тұр", - деді әкімдікте.
Облыстың 6 учаскесінде жол жабық.
Көлік тұрып қалған аудандарда 11 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.