Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швеция Украинаға арналған қару-жарақ сатып алуға 100 млн доллар бөледі

АҚШ пен НАТО құрған PURL бастамасы Украинаға АҚШ-тың тікелей әскери қолдауын қарастырмайды
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Швеция Украинаға арналған АҚШ қару-жарағын сатып алуға 100 миллион доллар бөледі, деп хабарлады жұма күні Корольдіктің қорғаныс министрлігі.
АҚШ пен НАТО құрған PURL бастамасы Украинаға АҚШ-тың тікелей әскери қолдауын қарастырмайды. Ол еуропалық елдер Киевке америкалық қару-жарақ сатып алады дегенді қамтиды.
"Швеция АҚШ-тың "Украинаның басым қажеттіліктер тізімі" (PURL) бастамасына 100 миллион доллар бөліп жатыр", - деп жазылған министрлік үкіметтің сайтындағы мәлімдемесінде.
Қорғаныс министрлігі Швеция Нидерланды, Норвегия және Ұлыбританиямен бірге 500 миллион долларға АҚШ қару-жарағын сатып алуды қаржыландыратынын нақтылады.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу НАТО елдерін қақтығысқа тікелей қатыстырады деп санайды. Кремль Батыстың Украинаны қаруландыруы қақтығысты реттеуге теріс әсер етеді деп мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Швеция Украинаны энергиямен қамтуға 111 миллион доллар бөледі