Қазақстанда 76 мыңнан астам ардагер бар

Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. 2026 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 1,5 млрд теңге төленді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 76 059 ардагер тұрады. Оның ішінде:
Ұлы Отан соғысының ардагері - 69;
жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагер - 16 250;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагер - 26 626;
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері - 33 114.
"2026 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 1,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2026 жылы осы мақсаттарға 17,7 млрд теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
ҰОС ардагерлері – 69 200 теңге;
Жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 32 654 теңге;
жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 26 772 теңге;
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 26 772 теңге;
Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 20 760 теңге;
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 9 212 теңге.
Ұзақ өмір сүру құпиясы: 102 жастағы ардагер келініне алғыс айтты