Трансформаторлы станцияның үстіне шыққан: Ақмола облысында ер адам тоққа түсті

Оқиға салдарынан кенттің шағын аудандарының бірінде электрмен жабдықтау бұзылды
Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы кентінде ер адамды тоқ соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 12 ақпанда болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, психикалық науқас адам қосалқы станцияға кіріп кетіп, токқа соғылған. Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр дейді.

"Электр тоғы соғып, күйік алған ер адам №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы өте ауыр және оған хирургиялық ота жасалуы жоспарланып отыр", - дейді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасында.

Оқиға салдарынан кенттің шағын аудандарының бірінде электрмен жабдықтау бұзылды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам қажетті рұқсат құжаттары жоқ пансионатта тұрған. Тұрғындар қауіпсіздік мәселелеріне алаңдаушылық білдіріп, құзыретті органдардан оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізуді сұрайды.
Көкшетаудың сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты