АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның жаңа Конституциясының қорытынды жобасы Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының сайтында жарияланды.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда республикалық референдум өтетіні туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Бюллетеньде бір ғана сұрақ болады: "2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".
Жаңа Ата заң қабылданған жағдайда парламент өз өкілеттігін 1 шілдеден бастап тоқтатады.
"Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс және ол екі ай ішінде өткізілуге тиіс", - делінген құжатта.
Бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде президент Құрылтайдың келісімімен вице-президентті тағайындайды.