Жамбыл облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам көз жұмды

Жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында қаза болған, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысындағы "Аса–Ақкөл" автожолында адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында қаза болған, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ", - дейді поиция.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Жамбыл облысы полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты азаматтарды мүмкіндігінше алыс сапардан уақытша бас тартып, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырды. Сондай-ақ жолда қауіпсіз арақашықтықты ұстап, жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Қызылорда облысында жол апатынан жас жігіт көз жұмды