Референдумға қанша қаржы жұмсалады

Қаржының 75 проценті учаскелік комиссияларда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына жұмсалады
Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Орталық референдум комиссиясы референдумды өткізуге жұмсалатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алдын ала есепке сәйкес, референдумға 20,8 млрд теңге жұмсалады.
"Біз жергілікті комиссиялардың өтінімдері бойынша референдум өткізу шығындарының алдын ала сметасын әзірледік. Оны қаржы министрлігі қарап жатыр. Жақын арада нақты сомасы белгілі болады. Алдын ала есепке сәйкес, референдум шығындары 20,8 млрд теңгені құрап отыр", - деді комиссия мүшесі Михаил Бортник бүгінгі брифингте.
Оның айтуынша, осы қаржының 75 проценті учаскелік комиссияларда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына жұмсалады.
"Бұл қаржы 2026 жылғы республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сол себепті үкімет резервінен бөлінеді", - деді Бортник.
Референдум бюллетеньдерінде жазылатын сұрақ жарияланды