АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков республикалық референдумға жұмсалатын қаржы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың айтуынша, қазіргі кезде референдумға жұмсалатын қаржының нақты сомасы белгісіз. Министрлікке тиісті бюджеттік сұрау түсуі керек.
"Біз орталық сайлау комиссиясымен хабарластық. Олар бүгін түстен кейін немесе ертең түске дейін бізге сұрау жіберетін болады. Қаржы үкімет резервінен алынады",-деді Темірбеков сенатта өткен брифингте.