Елена Рыбакина Дохадағы WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші канадалық Виктория Мбокомен кездеседі
Sputnik
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада (Қатар) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
Ол үшінші айналымда WTA рейтингінде 26-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңді. Теннисшілер арасындағы кездесу 2 сағат 27 минутқа созылып, 4:6, 6:2, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Келесі кезеңде Рыбакина канадалық Виктория Мбокомен ойнайды. Ол бұған дейін ресейлік Мирра Андрееваны жеңген болатын.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің жеңімпазы атанды