АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында ораза ұстаудың кестесін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мүфтият сайтында әрбір қала бойынша ораза кестесі жарияланды.
Бүгінгі төралқа мәжілісінде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айы басталатын күнді де нақтылады.
"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады", - деді Тағанұлы.
Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз Ораза айт мерекесі болады.