АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Астанадағы барлық сынып оқушылары мен колледж студенттері 12 ақпанда қашықтықтан оқуға жіберіледі, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Ауа райының нашарлауына (желдің күшеюі және температураның одан әрі төмендеуі) байланысты 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждің бірінші және екінші курс студенттері (9-сынып негізінде) 2026 жылдың 12 ақпанында қашықтықтан оқуға көшеді", - делінген хабарламада.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 12 ақпанда Астанада оңтүстік-батыс желі секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады деп күтіліп отыр. Түнде температура -23-25°C, ал күндізгі температура -17-19°C болады.