АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасының азаматы жасаған қылмыстары үшін жауаптылыққа тарту мақсатында экстрадицияланды.
Қылмыскер алдау жолымен жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 30 млн теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасаған.
"Алқабилердің қатысуымен өткен соттың үкімімен сотталушы пара беруге айдап салғаны, алаяқтық жасағаны, құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Аталған факт жасалған қылмыстар үшін, сот төрелігінен жалтару әрекеттеріне қарамастан, қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсетеді, дйді прокурорлар.