АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтеді, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бүгін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды.