Жаңбыр, жел, көктайғақ: тас жолдарда 20-дан астам учаске жабылды

Бұл Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Карағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы учаскелер
Sputnik
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ІІМ барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Қазіргі уақытта 20-дан астам учаске жабық, олар: Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Карағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жолда жүру қағидаларын, соның ішінде ауа райына сәйкес жылдамдық режимін қатаң ұстаныңыздар. Алдыңызда келе жатқан көлікпен арақашықтықты ұлғайтыңыздар. Ауа райы жағдайына байланысты апаттық жарық белгілерін қосыңыздар. Маневр жасау мен жолақ ауыстырудан бас тартыңыздар", — деді әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Ол шұғыл шаруа болмаса, алыс сапарлардан уақытша бас тартқан жөн екенін айтты.
"Жоспарланған бағыттарды кейінге қалдырған жөн болады. Жолға шығу қатты қажет болған жағдайда, жүріс бағытын мұқият жоспарлап, көлік құралының техникалық жағдайын тексеріңіздер", - деді ІІМ өкілі.
Жол жағдайы туралы жедел ақпаратты әлеуметтік желілерден және “112” қызметінің хабарламаларынан біле аласяздар.
Тас жолдар жабылды: жолаушыларды тасымалдайтын пойыздар іске қосылды