АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында құтқарушылар 29 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Абай ауылында Жаңақорған өзенінің деңгейі көтерілді. Соның салдарынан демалыс орындарының бірінде жолды су шайып кетті.
Көмекке құтқарушылары барған. Олар күшті ағысқа қарамастан, жолдың қираған учаскесі арқылы өткел ұйымдастырып, барлық адамды қауіпсіз жерге шығарды.
"Үйлесімді және кәсіби әрекеттердің нәтижесінде 29 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды", - дейді құтқарушылар.
Барлығы Түркістан қаласына жеткізілді. Медициналық көмектің кажеті болмады.