АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Ұлттық тасымалдаушы тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін пойыздар тағайындады, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".
"Қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне орай, Ұлттық тасымалдаушы өңірлер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау үшін үш жолаушылар пойызын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.
Жолаушыларды тасымалдауға төмендегі пойыздар қатынайды:
№ 613 Маңғыстау — Орал,
№ 692 Ақтөбе — Атырау,
№ 110 Ақтөбе — Маңғыстау.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.