Павлодар облысында құны 2,6 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып
Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Ақсу қаласында жайылымдық жерлер халыққа қайтарылды, деп хабарлады бас прокуратура.
Ақсу қаласы прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері.
"Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып, нәтижесінде жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетіді, дейді прокуратурада.
Ақмола облысында құны 300 млн теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды