Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті бойынша алғашқы талқылауды өткізеді

Талқылаулар бүгін, дүйсенбі күні түстен кейінге жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Еуроодаққа мүше мемлекеттерінің тұрақты өкілдері Еуропалық комиссияның Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакеті бойынша ұсынысын талқылау үшін алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлады РИА Новости еуропалық дереккөзге сілтеме жасап.
Талқылаулар бүгін, дүйсенбі күні түстен кейінге жоспарланып отыр.
"Бүгін Еуропалық комиссияның алғашқы талқылауы мен таныстыруы болады", - деді дереккөз.
Еурокомиссия біраз бұрын 24 ақпанға дейін жаңа санкциялар пакетін қабылдауды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Ол өз ұсынысын өткен аптада ұсынды.
Күні кеше Владимир Зелейнский Ресейдің жоғары дәлдіктегі қару-жарақтарын жасауға қажетті бөлшектерді жеткізді деп айыпталған ресейлік және шетелдік компанияларға қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін мәлімдеді.
Зеленскийдің айтуынша, криптовалюталармен байланысты деп саналатын құрылымдарға да санкциялар салынған. Бұл шешімдердің бір бөлігі Еуропалық одақтың 20-шы санкциялар пакетіне кіреді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізілгенін мәлімдеді