АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері екі спорт түрі бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Олимпиада-2026 аясында ерлер арасында шаңғы жарысынан, сондай-ақ биатлоннан жарыстар басталады.
Спорт түрі: Шаңғы жарысы, скиатлон (ерлер)
Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмақов
Басталу уақыты: 16:30
Спорт түрі: Биатлон, аралас эстафета
Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Айша Ракишева, Милана Генева
Басталу уақыты: 18:05