Қысқы Олимпиада - 2026: алғашқы күні Қазақстан қандай спорт түрінен бақ сынайды

Ұлттық құрама Италияда бүгін медальдар үшін бақ сынайды
Sputnik
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. 7 ақпан - Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы күні.
Қазақстан құрамасы фристайл, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы және мәнерлеп сырғанау сияқты 10 дисциплина бойынша бақ сынайды.
Жарыстың бірінші күнінде Қазақстаннан алты спортшы екі спорт түрінен бақ сынайды:
Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер):
Надежда Степашкина;
Ксения Шалыгина;
Анна Мельник;
Дарья Ряжко.
Сағат 17:00-де басталады.
Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер):
Надежда Морозова;
Елизавета Голубева.
Сағат 20:00-де басталады.
Миланда қысқы Олимпиада ойындары ашылды