АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштер жақсарды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, туберкулезбен сырқаттанушылық 9,9%-ға төмендеп, таралу көрсеткіші 12,8%-ға азайды.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 10%-ға төмендеді.
"Емдеу тиімділігі де артты: дәріге сезімтал туберкулезден жазылу көрсеткіші 90,5%-ды кұрады, дәріге төзімді туберкулезден жазылу көрсеткіші 85,3%-ға дейін жоғарылады, бұл көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан жоғары", - деп жазылған хабарламада.
Белсенді туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15%-ке азайды.
Туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу үшін 1 айдан 3 айға дейінгі жаңа қысқа мерзімді режимдері қолданылады. Бұл байланыста болған адамдар мен қауіпті топтарындағы тұлғалар арасында белсенді туберкулездің дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.