АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты жеті тәулікте ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 18 автомашинаны шығарды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қатысты.
Бүгін түнде Қарағанды облысы "Ақой - С. Сейфуллин - Ақсу - Аюлы - Ақтоғай - Балқаш"
облыстық маңызы бар автожолында Жалаңаш ауылының маңында жеңіл автокөлік кюветке шығып кетті. Көлік ішінде Өзбекстан Республикасының 3 азаматы болды, оқиға салдарынан ауыр жарақат алмаған, бірақ өздігінен шыға алмаған.
облыстық маңызы бар автожолында Жалаңаш ауылының маңында жеңіл автокөлік кюветке шығып кетті. Көлік ішінде Өзбекстан Республикасының 3 азаматы болды, оқиға салдарынан ауыр жарақат алмаған, бірақ өздігінен шыға алмаған.
6 ақпанда Жамбыл облысының Жуалы ауданында "Б. Момышұлы – Көлтоған" облыстық маңызы бар тас жолының 38-шақырымында қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсету мақсатында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері қар құрсауынан 4 автокөлікті шығарып, көлік ішінде болған 8 адамға, оның ішінде 1 балаға көмек көрсетілді.
5 ақпанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құрылыс кентінен 15 км жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқару операциясы барысында 12 адам, оның ішінде 3 бала жақын елді мекенге эвакуацияланды.
5 ақпан күні күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында "Үшарал- Достық" автожолының жабық учаскесінде 6 жеңіл, 11 жүк автокөлігі қар құрсауында қалды. ТЖМ құтқарушылары 32 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы қатты жел мен боран жағдайында құтқарып, жақын жылыту пунктіне эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
31 қаңтар күні түнде Қостанай облысының Қашар кентінен 5 км қашықтықтағы "Рудный–Қашар–Фёдоровка" автожолында екі адам мінген жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Көлікте Ресей Федерациясының азаматтары болған. Құтқарушылардың күшімен автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Кейін көлік қауіпсіз жол бөлігіне дейін сүйемелденді.
Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.