АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Құтқарушылар мұз астына түсіп кеткен кеткен көлікті шығарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Қапшағай су қоймасында жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті. Көліктің ішінде екі әйел болған.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу жіберілді.
"Құтқарушылар зардап шеккендерге қауіпсіз жетуді ұйымдастырып, мұз үстінде жұмыс істеуге арналған жабдықтарды қолданды", - деп жазылған хабарламада.
Мұзға кеткен көлікте болған екі әйел жағаға жеткізілді.
Оларға медициналық көмек сол жерде көрсетілді, дейді құтқарушылар.